Басты тақырып

Жезқазғанда BMW апатқа ұшырап, 13 жастағы бала қаза тапты

Сурет: полиция

Жезқазған қаласында төрт жасөспірім мінген BMW көлігі жол-көлік апатына ұшырады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәлімет бойынша, көлік жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Шолохов көшесіндегі электр желісінің бағанасына соғылған.

Апат салдарынан 13 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Тағы екі кәмелетке толмаған жасөспірім ауруханаға жеткізілді.

Қаза болған жасөспірімді көлік салонынан алып шығу үшін құтқарушылар арнайы техниканы пайдаланған.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Көп оқылғандар