Сурет: ашық дереккөзден
АҚШ Федералдық тергеу бюросының (ФБР) іздеуіндегі ең қауіпті қылмыскерлер ондығына кірген «Эль Чапо Исидро» лақап атымен танымал есірткі бароны Мексикада тұтқындалды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметінше, ол басқарған қылмыстық топ 20 жылдан астам уақыт бойы есірткіні АҚШ аумағына жеткізіп келген. Оның қайда екені туралы ақпарат үшін Вашингтон 5 миллион доллар сыйақы уәде еткен.
Баронмен бірге қылмыстық топтың бірнеше мүшесі, оның ішінде орынбасары мен қаржы мәселелеріне жауапты адамы да ұсталды.
Операцияны жүргізу кезінде Мексиканың құқық қорғау органдарына АҚШ арнайы қызметтері көмектесті. Олар мексикалық күштік құрылымдармен барлау мәліметтерін бөлісті.
Арнайы операция барысында атыс болды. Бірқатар жол учаскелері көлік қозғалысы үшін жабылып, кей жерлерде автокөліктер өртенді.
Айта кетейік, бұған дейін Нидерланд есірткі бароны туралы ақпарат үшін 2 млн еуро сыйақы тағайындаған болатын.
Естеріңізге салайық, Қазақстанда 10 күнде 200 келіден астам есірткі тәркіленіп, 35 адам ұсталды. Елімізде есірткі өндірушілерге жаза қатаңдатылады.
Мазмұнға өту
