Сурет: Egemen Qazaqstan
23 қараша, дүйсенбі күні еліміздің көп бөлігінде жаңбыр, ал кейбір аймақтарда қар аралас жаңбыр болады. «Қазгидромет» деректеріне сәйкес, оңтүстік өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталып, күндізгі температура +25°C-қа дейін жетеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Астанада түнде қар аралас жаңбыр жауып, күндіз жаңбыр жалғасады. Тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 7-12 м/с. Түнде ауа +3…+5°C, күндіз +6…+8°C болады.
Алматы мен Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Алматыда жел 3-8 м/с, түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C. Шымкентте жел 15-20 м/с, түнде +11…+13°C, күндіз +22…+24°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 7-12 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +13…+15°C. Ақтөбеде түнде жаңбыр жауып, күндіз жауын-шашын тоқтайды, тұман мен көктайғақ болады. Түнде +2…+4°C, күндіз +4…+6°C.
Атырауда бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман түседі. Түнде жел 0-5 м/с, күндіз 5-10 м/с, температура түнде +2…+4°C, күндіз +9…+11°C.
Жезқазғанда түнде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады, күндіз жаңбыр жауады, кейде тұман түседі. Түнде +5…+7°C, күндіз +9…+11°C. Қарағандыда таңертең және күндіз кей уақытта жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с, түнде +4…+6°C, күндіз +8…+10°C.
Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с, түнде 0…+2°C, күндіз +3…+5°C. Қонаевта жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, түнде +5…+7°C, күндіз +16…+18°C.
Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман түседі, жел 5-10 м/с, түнде 0…+2°C, күндіз +2…+4°C. Қызылордада түнде жауын-шашынсыз, тұман түседі, күндіз жаңбыр жауады, жел 7-12 м/с, түнде +6…+8°C, күндіз +16…+18°C.
Павлодарда түнде жауын-шашынсыз, тұман мен көктайғақ болады, күндіз жаңбыр жауады, жел 5-10 м/с, түнде 0…-2°C, күндіз +7…+9°C. Петропавлда қар аралас жаңбыр жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел 9-14 м/с, түнде 0…-2°C, күндіз +3…+5°C.
Семейде жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде -1…-3°C, күндіз +8…+10°C. Талдықорғанда жауын-шашынсыз, таңертең тұман түседі, жел 5-10 м/с, түнде -1…-3°C, күндіз +17…+19°C.
Таразда жауын-шашынсыз, жел 9-14 м/с, түнде +5…+7°C, күндіз +23…+25°C. Түркістанда түнде жауын-шашынсыз, күн соңында жаңбыр жауады, жел 8-13 м/с, түнде +9…+11°C, күндіз +20…+22°C.
Оралда түнде қар аралас жаңбыр, күндіз жаңбыр жауады, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, түнде 0…+2°C, күндіз +4…+6°C. Өскеменде жауын-шашынсыз, жел 5-10 м/с, екпіні 15-20 м/с, түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.
Мазмұнға өту
