Басты тақырып

Тоқаев Ливан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан Республикасының президенті Джозеф Аунға және Ливан халқына Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы жеделхатында екі ел арасындағы достық пен өзара түсіністікке негізделген ынтымақтастық алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдірді.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президентіне жауапты қызметінде табыс, ал достас ел халқына амандық, бақ-береке мен молшылық тіледі.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Палестина Президентіне де құттықтау жеделхатын жолдағаны хабарланған еді.

Көп оқылғандар