АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
«INFOHUB.KZ» жеке кәсіпкерлігіне тиесілі https://zhaiyqmedia.kz/ сайтында 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында саяси партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңды ұсынудың жалпы шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы
«INFOHUB.KZ» жеке кәсіпкерлігінің меншік иелігіндегі https://zhaiyqmedia.kz/ интернет-басылымы (бұдан әрі – Сайт) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 12 қазандағы № 60/98 қаулысымен 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың және бірмандатты аумақтық сайлау округтері бойынша тіркелген кандидаттардың (бұдан әрі бірге – Кандидаттар) сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру үшін интернет-алаңдарды беру шарттары, тәртібі және ақы мөлшері туралы хабарлайды.
Сайлау алдындағы үгіт 2026 жылғы 1 қарашада сағат 18:00-де басталып, 2026 жылғы 28 қарашада сағат 00:00-де аяқталады. Осыған байланысты сайлау алдындағы үгіт материалдары Сайтта заңнамада белгіленген мерзімдерде ғана орналастырылады.
Сайт интернет-алаңды Кандидаттың жазбаша өтініші және Сайттың меншік иесі мен саяси партияның уәкілетті өкілі немесе кандидат (оның сенім білдірілген тұлғасы) арасында жасалған шарт негізінде ұсынады. Үгіт материалдарының көлемі, орналастыру мерзімі, саны және өзге де талаптар жазбаша өтініште көрсетіліп, кейіннен шартта бекітіледі.
Өтініштер олардың келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір өтінішке тіркеу нөмірі беріліп, өтініштердің тіркеу журналында тіркелген күні көрсетіледі.
Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) саяси партияның партиялық тізімін тіркеу туралы не кандидатты тіркеу туралы тиісті сайлау комиссиясы құжатының көшірмесі (кандидат куәлігінің көшірмесі);
2) саяси партияның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген сенім білдірілген тұлғаның өкілеттігін растайтын құжат, ал өтінішті кандидаттың сенім білдірілген тұлғасы берген жағдайда – оның өкілеттігін растайтын құжат;
3) өтініш берген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
4) шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар;
5) үгіт материалының қағаз жеткізгіштегі мәтіні.
Кандидаттардың үгіт материалдарын Сайтта орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен айқындалады. Бір мезгілде бірнеше өтініш келіп түскен жағдайда кезектілік жеребе арқылы анықталады. Жеребе өткізу тәртібін Сайт белгілейді.
Үгіт материалдары жарияланатын күнге дейін кемінде 1 (бір) жұмыс күні бұрын ұсынылуы тиіс. Материалдар аяқталған күйде ұсынылады және Сайт тарапынан редакциялық өңдеуге жатпайды.
Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру көлемі мен шарттары барлық саяси партиялар мен кандидаттар үшін бірдей. Бір Кандидатқа үгіт материалдарын шарттық негізде орналастыруға берілген келісім кез келген басқа Кандидатқа дәл сондай шарттармен орналастыруға берілген келісім болып табылады.
Ұсынылатын үгіт материалдарында Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген міндетті мәліметтер, оның ішінде материалды ұсынушы туралы, оның ақысы төленгені және қаржыландыру көзі (сайлау қоры) туралы ақпарат көрсетілуі тиіс.
Кандидаттар ұсынылған үгіт материалдарының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, оның ішінде авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңнамаға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген шарттар мен тәртіп, сондай-ақ жасалған шарт талаптары сақталмаған жағдайда Сайт үгіт материалдарын орналастырудан бас тартуға немесе анықталған заң бұзушылықтар жойылғанға дейін олардың жариялануын тоқтатуға құқылы.
Егер үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертуге, мемлекеттің тұтастығын бұзуға, ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіруге, әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни немесе өзге де араздықты қоздыруға бағытталған үндеулер, зорлық-зомбылық пен қатыгездікті насихаттайтын материалдар немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін өзге де мәліметтер қамтылса, сондай-ақ азаматтардың, өзге кандидаттар мен саяси партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпарат болса, Сайт мұндай материалдарды орналастырудан бас тартуға құқылы.
Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген интернет-алаңдарды беру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына және уәкілетті мемлекеттік органдардың талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.
Үгіт материалдарын Сайтта орналастыру құны:
| № | Материал түрі | Көлемі / форматы | Құны, теңге |
|---|---|---|---|
| 1 | PR-мақаланы орналастыру | 5 000 таңбаға дейін (5 фотосуреттен және 1 бейнематериалдан артық емес) | 130 000 |
| 2 | Сараптамалық мақаланы дайындау және орналастыру | 15 000 таңбаға дейін | 250 000 |
| 3 | Сұхбат / подкаст / бейнерепортаж | YouTube арнасы | 700 000 |
| 4 | Telegram-арнадағы пост | пост | 40 000 |
| 5 | Instagram аккаунты | фотопост, бейнепост, сторис | 80 000 |
| 6 | TikTok аккаунты | фотопост, бейнепост | 50 000 |
| 7 | Facebook парақшасы | пост | 50 000 |
| 8 | Басты баннер (сквозной) | Desktop – 1000×120, Mobile – 300×250. Үгіт кезеңінің толық мерзіміне | 850 000 |
| 9 | Бүйірлік баннер (сквозной) | Desktop – 300×400, Mobile – 300×250. Үгіт кезеңінің толық мерзіміне | 620 000 |
| 10 | Баннер (кез келген позиция) | бір тәулікке | 63 000 |
Бағалар ҚҚС-сыз көрсетілген. Баннерлер сайттың басты бетінде және ішкі парақшаларында орналастырылады.
Мақала көлемі белгіленген мөлшерден асқан жағдайда әрбір қосымша таңбаның (тыныс белгілерін қоспағанда) құны – 14 (он төрт) теңге.
Орналастыру мерзімі: 2026 жылғы 1 қараша сағат 18:00-ден 2026 жылғы 28 қараша сағат 00:00-ге дейін.
Барлық материалдарда «Материалды орналастыру ақысы төленген» деген белгі қойылады.
Шарт бойынша үгіт материалдарын орналастыру ақысы Сайт ұсынған төлем шоты негізінде шот ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде төленуге тиіс. Төлем Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Кандидаттың сайлау қорының қаражатынан жүргізіледі.
Мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын саяси партиялар мен кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру туралы жазбаша өтініштері 2026 жылғы 15 қазаннан 23 қарашаны қоса алғанға дейін, демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: [мекенжай көрсетілсін].
Факсимильді байланыс және Интернет желісі арқылы жіберілген өтініштер қабылданбайды.
Байланыс: тел. +7 771 866 6990, электрондық пошта: toktar721@gmail.com.
Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігінің директоры
Тоқтар Ғабдірешұлы
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
Об общих условиях, порядке и размере оплаты за предоставление интернет-площадки на сайте https://zhaiyqmedia.kz/ ИП «INFOHUB.KZ» для размещения предвыборных агитационных материалов политических партий и кандидатов на внеочередных выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан, назначенных на 29 ноября 2026 года
Интернет-издание https://zhaiyqmedia.kz/ (далее – Сайт), принадлежащее ИП «INFOHUB.KZ», в соответствии с Конституционным законом Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года «О выборах в Республике Казахстан» информирует политические партии, выдвинувшие партийные списки, и кандидатов, зарегистрированных по одномандатным территориальным избирательным округам (далее совместно – Кандидаты), участвующих во внеочередных выборах депутатов маслихатов всех уровней, назначенных постановлением Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан от 12 октября 2026 года № 60/98 на 29 ноября 2026 года, об условиях, порядке и размере оплаты за предоставление интернет-площадки для размещения предвыборных агитационных материалов.
Предвыборная агитация начинается 1 ноября 2026 года в 18:00 часов и завершается 28 ноября 2026 года в 00:00 часов. В связи с этим предвыборные агитационные материалы размещаются на Сайте исключительно в сроки, установленные законодательством Республики Казахстан.
Интернет-площадка предоставляется на основании письменного обращения Кандидата и договора, заключенного между владельцем Сайта и уполномоченным представителем политической партии либо кандидатом (его доверенным лицом). Объем, сроки размещения, количество агитационных материалов и иные условия указываются в письменном обращении и закрепляются в договоре.
Поступившие письменные обращения регистрируются в порядке очередности их поступления. Каждому обращению присваивается регистрационный номер с указанием даты регистрации.
К письменному обращению прилагаются следующие документы:
1) копия документа соответствующей избирательной комиссии о регистрации партийного списка политической партии либо о регистрации кандидата (копия удостоверения кандидата);
2) документ, подтверждающий полномочия доверенного лица политической партии, а в случае подачи обращения доверенным лицом кандидата – документ, подтверждающий его полномочия;
3) копия документа, удостоверяющего личность лица, подавшего обращение;
4) документы, подтверждающие полномочия лица, уполномоченного на подписание договора;
5) текст агитационного материала на бумажном носителе.
Очередность размещения агитационных материалов Кандидатов определяется в порядке поступления письменных обращений. В случае одновременного поступления нескольких обращений очередность определяется путем жеребьевки. Порядок проведения жеребьевки устанавливается Сайтом.
Агитационные материалы должны быть представлены не позднее чем за 1 (один) рабочий день до даты их размещения. Материалы предоставляются в завершенном виде и не подлежат редакторской доработке со стороны Сайта.
Объем и условия размещения агитационных материалов одинаковы для всех политических партий и кандидатов. Согласие на размещение агитационных материалов на договорной основе, данное одному Кандидату, является согласием на размещение агитационных материалов на тех же условиях любому другому Кандидату.
Представляемые агитационные материалы должны содержать обязательные сведения, предусмотренные законодательством Республики Казахстан, включая информацию о лице, предоставившем материал, об их оплате и об источнике финансирования (избирательном фонде).
Кандидаты несут самостоятельную ответственность за соответствие содержания представленных агитационных материалов требованиям законодательства Республики Казахстан, в том числе законодательства об авторском праве и смежных правах.
В случае нарушения условий и порядка, указанных в настоящем информационном сообщении, а также условий заключенного договора, Сайт вправе отказать в размещении агитационных материалов либо приостановить их публикацию до устранения выявленных нарушений.
Сайт вправе отказать в размещении агитационных материалов, если они содержат призывы к насильственному изменению конституционного строя Республики Казахстан, нарушению территориальной целостности государства, подрыву национальной безопасности, разжиганию социальной, национальной, расовой, религиозной или иной розни, пропаганде жестокости и насилия, иные сведения, противоречащие законодательству Республики Казахстан, а также информацию, порочащую честь, достоинство или деловую репутацию граждан, иных кандидатов либо политических партий.
Условия и порядок предоставления интернет-площадки, указанные в настоящем информационном сообщении, могут быть изменены в соответствии с законодательством Республики Казахстан и требованиями уполномоченных государственных органов.
Стоимость размещения агитационных материалов на Сайте:
| № | Вид материала | Объём / формат | Цена, тенге |
|---|---|---|---|
| 1 | Размещение PR-статьи | не более 5 000 знаков (не более 5 фотографий и 1 видеоматериала) | 130 000 |
| 2 | Подготовка и размещение аналитической статьи | не более 15 000 знаков | 250 000 |
| 3 | Интервью / подкаст / видеорепортаж | канал YouTube | 700 000 |
| 4 | Пост в Telegram-канале | пост | 40 000 |
| 5 | Аккаунт в Instagram | фотопост, видеопост, сторис | 80 000 |
| 6 | Аккаунт в TikTok | фотопост, видеопост | 50 000 |
| 7 | Страница в Facebook | пост | 50 000 |
| 8 | Главный баннер (сквозной) | Desktop – 1000×120, Mobile – 300×250. На весь период агитации | 850 000 |
| 9 | Боковой баннер (сквозной) | Desktop – 300×400, Mobile – 300×250. На весь период агитации | 620 000 |
| 10 | Баннер (любая позиция) | за одни сутки | 63 000 |
Цены указаны без НДС. Баннеры размещаются на главной странице и внутренних страницах сайта.
В случае превышения установленного объема статьи стоимость каждого дополнительного знака (без учета знаков препинания) составляет 14 (четырнадцать) тенге.
Период размещения: с 18:00 часов 1 ноября 2026 года до 00:00 часов 28 ноября 2026 года.
Все материалы сопровождаются пометкой «Материал размещен на правах оплаченной публикации».
Оплата за размещение агитационных материалов производится на основании счета, выставленного владельцем Сайта, в течение 5 (пяти) рабочих дней со дня его выставления. Оплата производится из средств избирательного фонда Кандидата в соответствии с законодательством Республики Казахстан.
Письменные обращения политических партий и кандидатов, участвующих во внеочередных выборах депутатов маслихатов, по вопросам размещения предвыборных агитационных материалов принимаются с 15 октября 2026 года по 23 ноября 2026 года включительно, кроме выходных и праздничных дней, с 09:00 до 18:00 часов по адресу: [указать адрес].
Заявления, направленные посредством факсимильной связи и сети Интернет, не принимаются.
Контакты: тел. +7 771 866 6990, электронная почта: toktar721@gmail.com.
Директор ИА Zhaiyqmedia.kz
Тоқтар Ғабдірешұлы
Мазмұнға өту
