Қоғам

Медеу – Шымбұлақ жолы төрт күнге жабылады

Сурет: istockphoto.com

19–22 қазан аралығында Медеу – Шымбұлақ автомобиль жолының «Горельник» визит-орталығы маңындағы бөлігі жабылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аталған учаскеде диаметрі 1 және 1,5 метрлік екі темірбетон су өткізу құбыры орнатылады.

«Жөндеу жұмыстары кезінде көліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы толығымен тоқтатылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына сапарын және жаяу серуендеу бағытын жоспарлау кезінде уақытша шектеуді ескеру ұсынылады», деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.

Еске сала кетейік, 14 қазанда Бельгия Королі Филипп пен Матильда Патшайым Қазақстанға мемлекеттік сапарына байланысты Алматының кейбір аудандарында көлік қозғалысына өзгеріс енгізіледі.

Көп оқылғандар