Сурет: Egemen Qazaqstan
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Корея Республикасына мемлекеттік сапары барысында екі елдің ұлттық кітапханаларының өкілдері бас қосты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында қазақстандық және корейлік кітапханалар арасындағы кәсіби қарым-қатынасты одан әрі нығайту жайы сөз болды. Тараптар мәдени-ғылыми мұраны сақтау, кітапхана ісін цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын қолдану, оқырмандарға заманауи қызмет көрсету түрлерін дамыту және мамандардың тәжірибе алмасуы төңірегінде ой бөлісті.
Жиын қорытындысында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы мен Корея Ұлттық кітапханасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Аталған құжат екі елдің кітапхана ісі мамандары арасындағы байланысты кеңейтуге, бірлескен жобаларды ұйымдастыруға және кітапхана саласындағы технологиялар бойынша тәжірибе жинақтауға септігін тигізбек.
