Қоғам

Синоптиктер 5 қазанда бірнеше өңірде ауа райының күрт бұзылуын ескертті

Сурет: istockphoto.com

Бүгін, 5 қазанда, ауа райының күрт нашарлауына байланысты синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ескерту жариялады. Солтүстік және орталық аймақтарда қар, көктайғақ, тұман мен бұрқасын болады деп күтілуде. Кейбір жерлерде жел екпіні секундына 25-30 метрге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» деректері бойынша, Астана, Қостанай және Петропавл қалаларында қар жауып, бұрқасын болуы ықтимал. Күндізгі ауа температурасы 5 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр.

Қолайсыз ауа райы орталық және шығыс өңірлерді де қамтиды. Қарағанды облысында жаңбыр, қар және тұман, Павлодар облысында жауын-шашын мен қатты жел күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр жауып, таулы аудандарда қар түсуі мүмкін.

Батыс Қазақстанда да қар аралас жауын-шашын жауып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейеді.

Оңтүстік өңірлерде ауа райы жылы болады деп күтілуде. Шымкент, Тараз және Түркістанда жаңбыр мен найзағай болжанып отыр.

Айта кетейік, бүгін, 5 қазанда, елімізде Ұстаздар күні аталып өтіледі.

Көп оқылғандар