Сурет: parateamkz
Айчи — Нагоя 2026 V Азия Пара ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасы жарыстарын тәмамдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құрлықтық додада отандық спортшылар 12 алтын, 16 күміс және 22 қола медальға қол жеткізді. Барлығы 50 жүлде.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 9-шы орынды иеленді.
Бұған дейін осы Азия ойындарында Қазақстан пара велоспортынан екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алғаны хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
