Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Қытайдың Нинбо қаласында ересектер арасындағы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты жалғасуда. Ерлер арасында 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде С тобының бәсекесі аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстан намысын қорғаған Пётр Хребтов қос сайыс қорытындысы бойынша 331 келіні бағындырып, үшінші орынға тұрақтады.
75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі С тобының қорытындысы: бірінші — Зулфат Гараев (336 кг, 155+181), екінші — Бектимур Рейимов (335 кг, 157+178), үшінші — Пётр Хребтов (331 кг, 147+184).
Бұған дейін күрестен әлем чемпионатында Айтақын мен Шагаева қола жүлде үшін күресетіні хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
