Сурет: report.az
Түркияның Эдирне қаласында туристер мінген автобус жүк көлігімен соқтығысып, 10 адам зардап шекті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Report басылымының мәліметінше, автобуста екі жүргізуші және 51 турист болған. Олардың барлығы Болгария азаматтары. Туристер Болгарияның Русе қаласынан Ыстанбұлға қарай жол тартқан.
Зардап шеккен туристер ауруханаға жеткізілді. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Мысырда жүк көлігі мен туристік автобустың соқтығысуы салдарынан 13 адам қаза тауып, тағы 34 адам жарақат алған болатын.
Мазмұнға өту
