Әлем

Қазақстан-Қытай шекарасында магнитудасы 4,8 жер сілкінісі тіркелді

Сурет: ашық дереккөз

Қытай аумағында, Қазақстан шекарасына жақын жерде магнитудасы 4,8 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының жедел деректері бойынша, жерасты дүмпулері 29 қазанда Астана уақытымен сағат 03:42-де тіркелген. Сілкініс ошағы Қазақстан шекарасынан шамамен 65 шақырым жерде орналасқан.

Ал 28 қазан күні кешке сол аймақта тағы бір жер сілкінісі болған. Орталық мәліметінше, ол Астана уақытымен сағат 20:40-та тіркеліп, магнитудасы 5,1 болған.

Қазақстан аумағында бұл дүмпулердің сезілгені туралы әзірге мәлімет жоқ. Бір ай бұрын Алматыда да жер сілкінісі тіркелген болатын.

Көп оқылғандар