Шартарап

Орталық Азия өнерпаздары Ақордада марапатталды

Сурет: akorda.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Вице-Президент Ерлан Қарин Ақордада Орталық Азия елдерінің мәдениет және өнер қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде тапсырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

II дәрежелі «Достық» орденімен халықтар арасындағы достықты нығайтуға және мәдени байланыстарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін танымал әншілер Мирбек Атабеков, Парахат Амандурдыев, Севара Назархан, суретші-реставратор Таалайбек Усубалиев, актер Батыр Чарыев және белгілі дирижер Камолиддин Уринбаев марапатталды.

Ерлан Қарин өңір халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуда награда иелерінің рөлі айрықша екенін атап өтті.

«Өнерде шекара жоқ. Сіздер өз шығармашылықтарыңыз арқылы халықтар арасын жақындатып, жас ұрпақтың көршілес елдердің мәдениеті мен дәстүрін тереңірек түсінуіне ықпал етіп келесіздер», – деді Ерлан Қарин.

Вице-Президент марапат иелерін құттықтап, шығармашылық табыс тіледі.

Көп оқылғандар