Сурет: gov.kz
Астанада ғимарат қабырғалары мен қоршауларға және өзге де инфрақұрылым нысандарына түсірілген рұқсатсыз граффити, жазулар мен суреттерді тауып, жою жұмыстары үздіксіз жүргізілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Полиция қызметкерлері осындай жазуларды, оның ішінде тыйым салынған заттардың жарнамасын анықтап, оларды салуға қатысы бар адамдарды іздестіруде. Тиісті қызметтермен бірлесіп, жазуларды өшіру және бүлінген нысандарды қалпына келтіру шаралары атқарылуда.
Мұндай жазулар қала көркін бұзумен қатар, тыйым салынған заттардың жарнамасын таратуға да пайдаланылуы мүмкін. Сондықтан полиция бұл бағыттағы жұмысты тұрақты жүргізіп, құқық бұзушылықтарды анықтау мен алдын алуға басымдық береді.
Полиция ғимараттар мен өзге нысандарға меншік иесінің келісімінсіз жазу немесе сурет салу заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
Мазмұнға өту
