Сурет: aqorda_resmi
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларымен бірге астаналық «Бештепе» саябағында Түркі әлемі аллеясын ашты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Аллеяда Түркия, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстанның ұлттық павильондары орналасқан. Экспозициялар бауырлас халықтардың бірлігін, мәдениетінің алуандығын және бай рухани дәстүрін көрсетеді.
Қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі дүниесінің ортақ тарихи тамырын бейнелейді. Президенттерге киіз үйдің безендірілуіне негіз болған ежелгі түркі өркениеті, оның ішінде сақтар мұрасы, халқымыздың табиғатпен үйлесімді өмір салты және заманауи Қазақстанның келбеті туралы мәлімет берілді.
Мемлекет басшыларының назарына қазақ халқының дәстүрлі саятшылық өнерін паш ететін «Сақ аңшысы» мүсіндік композициясы ұсынылды. Сондай-ақ мәртебелі меймандарға көне түркі жазба мәдениетінен мол мағлұмат беретін Орхон ескерткіштері көрсетілді.
Мазмұнға өту
