Басты тақырып

Тоқаев Ердоғанды Республика күнімен құттықтады

Сурет: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайип Ердоғанды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құттықтау жеделхатында Президент бұл мерекенің түрік халқының бірлігі мен жасампаздығын, мемлекеттілігі мен тұрақты дамуын білдіретінін атап өтті. Ол Түркияның саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық салалардағы жетістіктерін Ердоғанның көреген басшылығымен байланыстырды.

«Бұл мереке – түрік халқының бірлігі мен жасампаздығының айқын нышаны, мемлекеттілігі мен тұрақты дамуының мызғымас тұғыры. Сіздің көреген басшылығыңыздың арқасында Түркия саяси, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық салаларда биік белестерді бағындырып, халықаралық қауымдастықтың қуатты әрі беделді мүшесіне айналды», делінген жеделхатта.

Сонымен қатар Тоқаев екі ел арасындағы мәңгілік достық пен кеңейтілген стратегиялық серіктестік деңгейіне көтерілген қарым-қатынастың халықтар игілігі жолында дами беретініне сенім білдірді. Ол Ердоғанға жауапты қызметінде табыс, бауырлас Түркия халқына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарада салтанатты түрде қарсы алды.

Көп оқылғандар