Спорт

Абиба Әбужақынова Азия ойындарында күміс жүлде алды

Сурет: ҰОК

Аичи-Нагояда өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында дзюдошы Абиба Әбужақынова күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлем чемпионатының бірнеше дүркін жүлдегері 48 келіге дейінгі салмақта финалға шығып, жарыс қожайыны Митсуки Кондомен белдесті. Шиеленісті кездесуде жапон дзюдошысы басым түсті.

Осылайша, Абиба Әбужақынова Азия ойындарында екінші рет күміс медаль иеленді. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азиадада да күміс жүлдегер атанған болатын.

Абиба Әбужақынова әйелдер арасында Азия ойындарының финалына шыққан Қазақстанның екінші дзюдошысы атанды. Бұған дейін 1998 жылы Бангкокта Варвара Масягина финалда белдесіп, күміс медаль алған.

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының Азия ойындарындағы 9 алтыны мен 15 күмісі бар. Бұған дейін семсерлесуден ерлер құрамасы 10-шы алтын медальді жеңіп алған еді.

Көп оқылғандар