Спорт

Месси «Алтын бутсаны» екі жыл қатарынан алды

Сурет: ашық дереккөзден

АҚШ-тың «Интер Майами» клубының аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси өткен маусымда 26 гол соғып, «Алтын бутса» жүлдесін қатарынан екі рет жеңіп алған тұңғыш футболшы атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алайда марапаттау рәсімінен кейін Мессидің командасы MLS плей-офф кезеңінің алғашқы матчында «Коламбус Крю» клубынан 0:3 есебімен жеңіліп қалды.

Командалар арасындағы қарымта кездесу 28 қарашада қарсылас алаңында өтеді.

Лионель Месси Аргентина құрамасы сапындағы соңғы матчын қазан айының басында Бенинге қарсы жолдастық кездесуде өткізді. Буэнос-Айресте өткен ойында Аргентина 3:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Бұған дейін Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Килиан Мбаппе Чемпиондар лигасындағы 100-ші нәтижелі көрсеткішін тіркеді. Франция құрамасының капитаны бұл жетістікке Криштиану Роналду мен Карим Бенземадан аз матч өткізіп жетті.

Көп оқылғандар