Спорт

Дияр Нұрғожай UFC-де америкалық Алик Лоренцті техникалық нокаутпен жеңді

Сурет: smi24.kz

Жартылай ауыр салмақтағы қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай UFC Fight Night турнирінде америкалық Алик Лоренцті техникалық нокаутпен ұтты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Қатарда өткен жекпе-жек 21 қараша күні кешке ұйымдастырылды. Үш раундқа жоспарланған кездесу екінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды.

Бұл – Нұрғожайдың кәсіби ММА-дегі 13-жеңісі. Ол UFC-де қатарынан үшінші рет жеңіске жетті. Ұйымдағы алғашқы екі жекпе-жегінде жеңіліс тапқан ол кейін көрсеткішін 3 жеңіс пен 2 жеңіліске жеткізді.

Америкалық Алик Лоренц UFC-дегі дебютінде жеңілді. Оның кәсіби рекорды – 8 жеңіс, 3 жеңіліс.

Көп оқылғандар