Спорт

Қазақ дзюдошысы Ташкентте әлем чемпионы атанды

Сурет: ҰОК

Санжар Еруланұлы Ташкентте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында 100 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалда ол жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Қазақстан құрамасының қоржынында әзірге екі медаль бар. Бұған дейін осы салмақта Асқар Біржанов қола жүлдеге ие болған.

Еске сала кетейік, Хорватияның Загреб қаласында өткен дзюдодан Гран-при турнирінде отандық балуандар үш жүлде жеңіп алды. 66 кг салмақта Нұрқанат Серікбаев чемпион атанды.

Көп оқылғандар