Спорт

Астанадағы әлем чемпионаты: қазақ балуандарының қарсыластары белгілі болды

Сурет: ҚКФ

Астанада 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтетін әлем чемпионаты алдында грек-рим күресінен жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жеребе нәтижесінде Қазақстан атынан сынға түсетін 10 балуанның алғашқы қарсыластары анықталды. Оның үшеуі жарысты тікелей 1/8 финалдан бастайды.

55 кг салмақта Исхар Курбаев Жапониядан келген Кагетора Окамотомен кездеседі. 60 кг салмақта Айдос Сұлтанғали 1/8 финалдан бастайды.

63 кг салмақта Мейрамбек Айнағұлов Украина өкілі Максим Люмен, 67 кг салмақта Бағдат Сабаз Қырғызстан балуаны Раззақ Бейшекеевпен белдеседі.

72 кг салмақта Алматбек Аманбек 1/8 финалдан бастайды. 77 кг салмақта Мерей Мәулітқанов Оңтүстік Кореядан келген Хён Чжин Канмен кездеседі.

82 кг салмақта Ибрагим Магомадов Италия өкілі Лука Дариоццимен, 87 кг салмақта Нұрсұлтан Тұрсынов Катар балуаны Джафар Ханмен белдеседі.

97 кг салмақта Ислам Евлоев Мысырдан келген Мохамед Габармен кездессе, 130 кг салмақта Олжас Сырлыбай 1/8 финалдан бастайды.

Көп оқылғандар