Спорт

Астанада күрестен әлем чемпионатының баспасөз мәслихаты өтеді

Сурет: ҰОК

Бүгін, 23 қазанда, Астанадағы «Барыс Аренада» ересектер арасындағы күрестен әлем чемпионатына арналған ресми баспасөз мәслихаты өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиын сағат 16:30-да аренаның алтыншы қабатындағы конференц-залда басталады.

Баспасөз мәслихатына United World Wrestling президенті Ненад Лалович, Қазақстан күрес федерациясының төрағасы Еркін Оқасов, UWW коммуникациялар бөлімінің басшысы Эрик Олановски, әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан, сондай-ақ Олимпиада чемпиондары Кайл Снайдер мен Мохаммадхади Сарави қатысады.

Күрестен әлем чемпионаты 24 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жарысқа 135 елден 900-ден астам балуан қатысады.

Айта кетейік, АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында спортшыларымыз ел қоржынына үш медаль салды.

Көп оқылғандар