Спорт

Мадира Жұмақан әлем чемпионатында жеңіске жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының U19 санатындағы әлем чемпионатында кешкі сессия басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

51 келі салмақтағы Мадира Жұмақан 1/8 финалда Италия өкілі Корин Мари Фавимен кездесіп, 5:0 есебімен басым түсті.

Бірінші раундта италиялық боксшы шабуылға ұмтылып, басымдықты өз қолына алуға тырысты. Алайда отандасымыз қарсы шабуылда аянып қалмады. Шешуші раундта Мадира қарсыласын нокдаунға жіберіп, жеңімпаз атанды.

Көп оқылғандар