Сурет: istockphoto.com
Ішкі істер министрлігі Қазақстан тұрғындарын интернет-алаяқтық фактілерінің жиілегені туралы ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Алаяқтар автокөлік бөлшектерін, жиһаз бен киім-кешекті сатуды ұсынып, алдын ала төлем жасауды талап етеді. Ақша түскен соң олар байланысқа шықпай қояды.
Ақтөбе қаласының бір тұрғыны қозғалтқыш алу үшін 300 мың теңге аударғанымен, тауарын ала алмаған. Тағы бір сатып алушы қысқы дөңгелек сатып алу кезінде 160 мың теңгеден айырылған. Қазір бұл фактілер бойынша полиция тексеру жүргізіп жатыр.
ІІМ азаматтарға бейтаныс адамдарға алдын ала ақша аудармауға, сатушылар туралы пікірлерді тексеруге және тауар бағасы нарықтағыдан әлдеқайда төмен болса, сақ болуға кеңес береді. Тауарды алып, тексергеннен кейін ғана төлем жасаған қауіпсіздеу.
Мазмұнға өту
