Жайық news

БҚО-да Lada Granta жүргізушісі ғимарат қоршауына соғылды

Сурет: Жайық Пресс

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары жазуларын зерделеу барысында аудан орталықтарының бірінде жол қозғалысы ережелерінің бұзылғаны тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына жедел жетті. Тексеру кезінде Lada Granta автокөлігінің жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде көлікті басқара алмай, мекеме ғимаратының қоршауына соғылғаны анықталды.

Осы факті бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сот шешімімен жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.

Осыған байланысты полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, бұрылыстар мен басқа да маневрлерді орындау кезінде мұқият болу, сондай-ақ жол жағдайын ескеру қажеттігін еске салады.

Көп оқылғандар