Әлем

Конгодағы Эбола індеті төрт елге тарады

Сурет: ашық дереккөз

Конгода өршіп тұрған Эбола індеті тағы төрт елге жетті, оның екеуінде жұқтыру жағдайлары артып келеді. Нигерия да індет тіркелген мемлекеттер қатарына қосылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Індет алғаш рет мамыр айының ортасында Конгоның шығысында жарияланған. Ауруға сирек кездесетін Бундибуджо вирусы себеп болған. Оған қарсы әзірге мақұлданған вакцина да, дәрі де жоқ. Конгода вирус жұқтырған 9 500 адамның 4 600-і қайтыс болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл індетті тарихтағы ең жылдам таралған Эбола өршуі деп бағалап отыр. Африкада ауру Орталық, Батыс және Шығыс аймақтарда тіркелген.

Африкада инфекцияның таралуына кедергі келтіретін негізгі фактор – эпидемиологиялық бақылаудың жеткіліксіздігі. Көп жағдайда алғашқы деректер науқастарда белгілер пайда болғаннан кейін немесе олардың сапарларынан соң ұзақ уақыт өткенде ғана расталған.

Бұған дейін Нигерия астанасы Абуджада Эбола вирусын жұқтырудың бір жағдайы расталды. Вирус жұқтырған әйел шамамен екі апта бұрын Угандадан келген.

Ауру белгілері әйелде 7 қазанда байқалған. 11 қазанда ол Абуджадағы жекеменшік ауруханаға жатқызылып, кейін оған Эбола індеті диагнозы қойылған. Әзірге оның Нигерияға нақты қай күні келгені белгісіз.

Денсаулық сақтау министрі Мұхаммед Пате билік өкілдері науқаспен байланыста болғаны анықталған 44 адамды бақылауға алғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, билік індеттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Көп оқылғандар