Сурет: istockphoto.com
Қазақстанның Ұлттық деректер орталығының 20 қазан күнгі мәліметі бойынша, Астана уақытымен сағат 05:56-да Қытай аумағында магнитудасы 4,9 жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Картадағы деректерге сәйкес, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 340 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің Қазақстан аумағында сезілгені туралы ақпарат жоқ.
Еске салайық, 28 қыркүйек күні таңертең Қазақстан аумағында сейсмикалық оқиға тіркелгенін Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлаған болатын.
Мазмұнға өту
