Әлем

Францияда тәртіпсіздік: 1200 адам ұсталып, 150 полицей жараланды

Сурет: ашық дереккөзден

Францияда жаппай наразылықтар кезінде 1200 адам ұсталды, ал полициямен қақтығыстарда 150 қызметкер жарақат алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

17 қазанда ел бойынша 550 мыңнан астам адам өмір сүру құнының өсуіне және білім беру жүйесіндегі проблемаларға қарсы шеруге шықты. Бірқатар қалада наразылық акциялары жаппай тәртіпсіздікке ұласты: бетперде киген адамдар көліктерді өртеп, дүкендерді тонады, полициямен қақтығыстар болды. Тәртіпсіздіктерді тарату барысында құқық қорғау органдары су атқыш машиналар мен көзден жас ағызатын газ қолданды.

Париж мэрі Эмманюэль Грегуардың айтуынша, қаланың тұтас көшелері «жүйелі түрде талқандалған». Лионда туристік бюро өртенсе, Лиможда 140 жылдан астам тарихы бар мэрия ғимаратына өрт қойылды. Марсельде наразылық білдірушілер мэрия ғимаратына шабуыл жасап, «Бұл – революция! Бастилияны аламыз!» деп ұрандатты.

17 қазан күні кешке Франция үкіметі шұғыл кеңес өткізді. Премьер-министр Себастьен Лекорню тәртіпсіздіктерге «аса солшыл топтарды» кінәлап, болып жатқан оқиғаларды «ерекше қарқынмен өршіген зорлық-зомбылық» деп атады. Франция президенті Эмманюэль Макрон жаппай қирату әрекеттерін ұйымдастырғандар жауапкершілікке тартылып, жазаланатынын мәлімдеді.

Көп оқылғандар