Басты тақырып

Сәтбаевта өрт кезінде 14 адам эвакуацияланып, мысық құтқарылды

Сурет: 112кз

Сәтбаев қаласы Ұлытау көшесіндегі бес қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті. Өртті сөндіру кезінде көршілес пәтерлерден 14 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге шығарылды.

Сонымен қатар құтқарушылар жанып жатқан пәтерден түтінге тұншыққан мысықты алып шықты. Жануарға тыныс алуы қиындағандықтан, құтқарушының тыныс алу аппаратының көмегімен алғашқы көмек көрсетілді.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Өртті сөндіруге «Серіктес» ЖШС қызметкерлері де қатысты.

Көп оқылғандар