Спорт

Нариман Курбанов Роттердамдағы әлем чемпионатының финалына шықты

Сурет: ТСМ

Нидерландтың Роттердам қаласында спорттық гимнастикадан 54-ші әлем чемпионаты басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жарыстың бірінші күні іріктеу сайыстары өтіп жатыр. Ат снарядындағы жаттығуда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Нариман Курбанов 14.866 ұпаймен екінші орын алып, финалға жолдама алды.

Бұған дейін 26 жылдық үзілістен кейін Қазақстанға спорттық гимнастикадан әлем чемпионатының тарихи медалін 2023 жылы Бельгияда өткен біріншілікте еркін жаттығулар бағдарламасында қола жүлде жеңіп алған Милад Карими әперген болатын. 25 қазанға дейін жалғасатын байрақты бәсекеге 83 елден 463 гимнаст қатысуда. Сондай-ақ осы чемпионатта 2028 жылғы Лос-Анджелес Олимпиадасына арналған алғашқы командалық жолдамалар сарапқа салынады.

Көп оқылғандар