Сурет: Қазақстан каратэ федерациясы
Польшаның Бельско-Бяла қаласында каратэден өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына алғашқы медаль түсті. Бұл туралы Қазақстан каратэ федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кадеттер санатында кумите бағдарламасы бойынша 61 келіге дейінгі салмақта отандасымыз Айару Қалысбек қола жүлдеге қол жеткізді. Ол кіші финалда сербиялық Анастасия Рудинацты 5-2 есебімен айқын басымдықпен жеңді.
Бұған дейін Айару топтық кезеңде Финляндия, Албания және Испания спортшыларынан басым түскен. Ширек финалда Жапония өкілі Кохару Сатоны 4-0 есебімен ұтты. Финалға шығу жолында ол америкалық Михаэла Аркаленмен кездесіп, 3-6 есебімен жеңіліс тапты.
Финалдық ойындар әлі жалғасып жатыр. Жасөспірімдер санатында Ұлттық құрама спортшысы Сұңқар Қанибек (-76 кг) алтын медаль үшін шотландиялық Броди Калленмен таласады.
Бұған дейін Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Шұғыла Өмірбек АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен U23 әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алғаны хабарланған болатын.
Мазмұнға өту
