Спорт

Tesla әуеде сальто жасайтын Roadster спорткарын көрсетті

Сурет: Tesla

Tesla компаниясы Техастағы SpaceX сынақ алаңында жаңа Roadster спорткарын таныстырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа электромобиль ауада аударылып, басқа көліктердің үстінен секіре алады. Көрсетілім барысында спорткар ауада толық айналым жасап, дөңгелектерімен жерге қонды. Ал иілген рампада көлік аударылып, дөңгелектері жоғары қараған күйде тепе-теңдігін сақтай алды.

Бұған инженерлер желдеткіштер мен сығылған газға арналған саптамалар жүйесін қолдану арқылы қол жеткізген.

«Мен талай нәрсені көрдім, бірақ мұндайды ешқашан көрген емеспін», деді компания басшысы Илон Маск.

Tesla Roadster моделін сериялық өндіруді 2028 жылы бастауды жоспарлап отыр. Алайда әзірге бұл ерекше мүмкіндіктердің кәдімгі жолдарда пайдалануға қолжетімді болатыны белгісіз.

Айта кетейік, Tesla 3 миллионға жуық көлігін кері қайтаруға мәжбүр болды.

Көп оқылғандар