Сурет: Polisia.kz
Астанада есірткі контрабандасы мен заңсыз айналымына қатысы бар Қазақстанның екі азаматына қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бірінші іс бойынша 20 жастағы қыз ақшалай сыйақы үшін Таиландтан жалпы салмағы 4,7 кг каннабис экстракты салынған екі шабаданды жеткізген. Ол есірткіні тәттілер ретінде алып өтуге әрекеттенген. Заңсыз жүк ол елордалық әуежайға келгенде анықталып, тәркіленді. Сот оған 16 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.
Екінші іс бойынша 39 жастағы ер адам 2024 жылдың көктемінде есірткіні халық тұтынатын тауарлар ретінде жасырып, Таиландтан Қазақстанға пошта арқылы жіберуді ұйымдастырған. Бұл партияны алушы үш адам бұған дейін белгіленген мерзімдерге сотталған. Есірткіні жіберушіге іздеу жарияланып, ұсталғаннан кейін сот алдына келді. Ол 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Істер бойынша мемлекеттік айыптауды көлік прокуратурасы қолдады.
Үкімдер заңды күшіне енген жоқ.
Айта кетейік, елімізде темекі контрабандасы бойынша сотталғандардан 7,3 млрд теңгеден астам қаражат өндірілді.
Мазмұнға өту
