Сурет: aqorda_resmi
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ереванда өткен COP17 қарсаңындағы Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара Карен Демирчян атындағы спорттық-концерттік кешенде ұйымдастырылды. Оған бірқатар мемлекет басшылары қатысты.
Мәртебелі меймандарға Жер шарының биоалуантүрлілігін сақтау және табиғатты аялау тақырыбына арналған интерактивті шоу көрсетілді.
Мазмұнға өту
