Қоғам

16 қыркүйекте 16 облыс пен Астанада ауа райы ескертуі жарияланды

Сурет: Kazinform/ИИ

16 қыркүйекте Қазақстанның 16 облысы мен Астанада ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Астанада өрт қаупі жоғары деңгейде.

Ақмола облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз солтүстікте екпіні 15–18 м/с жетеді. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталығында өрт қаупі жоғары.

Атырау облысының батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстікте өрт қаупі төтенше деңгейде сақталады.

Ұлытау облысында өрт қаупі төтенше деңгейде.

Қарағанды облысында өрт қаупі жоғары, батыста төтенше деңгейде.

Ақтөбе облысында оңтүстік, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыста, солтүстікте және орталықта екпіні 15–18 м/с жетеді.

Алматы облысының тау бөктері мен таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, күндіз шығыста және таулы аудандарда 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыс бойынша өрт қаупі төтенше, оңтүстікте жоғары деңгейде.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан жел күндіз батыста, солтүстікте және шығыста 15–20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының батысында шаңды дауыл соғады. Батыста және таулы аудандарда солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Маңғыстау облысының солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары, солтүстік-шығыста төтенше деңгейде.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең батыста тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан соққан жел екпіні солтүстікте, шығыста және оңтүстікте 15–20 м/с жетеді. Оңтүстік пен шығыста өрт қаупі жоғары.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз солтүстікте, шығыста және орталықта осындай жағдай сақталады. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні күндіз шығыста және орталықта 15–20 м/с жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары.

Түнде және таңертең Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыста өрт қаупі бар.

Жамбыл облысының таулы аудандарында солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15–20 м/с жетеді. Өрт қаупі төтенше деңгейде.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні күндіз солтүстікте және шығыста 15–20 м/с жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары.

Күндіз Абай облысының батысы мен солтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соққан жел екпіні күндіз батыста және солтүстікте 15–20 м/с жетеді. Облыста өрт қаупі жоғары, оңтүстікте төтенше деңгейде.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-батыстан соққан жел екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с жетеді.

Айта кетейік, кеше республика бойынша 3 орман өрті тіркелді.

Көп оқылғандар