Қоғам

Қызыл кітаптағы дала қыраны Өзбекстанға дейін ұшып жетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Дала қыранының балапаны үш мемлекеттің аумағынан өтіп, шамамен 1 400 шақырым жерді ұшып өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тұңғыш деп аталған бүркіт тұқымдас құсқа жаз мезгілінде GPS-трекер орнатылған болатын. Қазіргі уақытта ол Өзбекстанның Қашқадария облысында тіркеліп отыр. Бұған дейін балапан Қазақстан мен Қырғызстан аумағы арқылы ұшып өткен.

GPS-трекерден алынған мәліметтер ғалымдарға Қызыл кітапқа енгізілген дала қырандарының көші-қон ерекшеліктерін зерттеуге мүмкіндік береді.

Көп оқылғандар