Сурет: ТСМ
Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты жалғасуда, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бүгін ерлер арасында 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Бұл сында Қазақстан атынан Едіге Емберді мен Алексей Чуркин өнер көрсетті.
85 келі. А тобы: 1 орын Мохамед Эль-Сайед – 390 кг (177+213) (Мысыр), 2 орын Йейсон Лопес – 387 кг (178+209) (Колумбия), 3 орын Лэй Цзяньцин – 382 кг (168+214) (Қытай), 4 орын Алексей Чуркин – 378 кг (168+210) (Қазақстан), 16 орын Едіге Емберді – 355 кг (157+198).
Айта кетейік, Нинбода өтіп жатқан әлем біріншілігі – 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі алғашқы жарыс.
Мазмұнға өту
