Спорт

Күрестен әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасы 15-орынға тұрақтады

Сурет: ҚКФ

Астанада өткен күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық құраманың қоржынында бір күміс және төрт қола жүлде бар. Осы нәтижемен Қазақстан жалпыкомандалық есепте 15-орынға ие болды.

Күміс медальді еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақта Нұрқожа Қайпанов жеңіп алды. Қола жүлделерді грек-рим күресінен Исхар Курбаев (55 келі), Айдос Сұлтанғали (60 келі), Бағдат Сабаз (67 келі) және әйелдер күресінен Зейнеп Баянова (50 келі) иеленді.

Медальдар кестесінде АҚШ құрамасы көш бастады: 15 медаль (7 алтын, 2 күміс, 6 қола). Екінші орында Иран — 15 медаль (6 алтын, 4 күміс, 5 қола). Үздік үштікті Ресей құрамасы 14 медальмен (4 алтын, 3 күміс, 7 қола) түйіндеді. Үздік бестікке Жапония (3 алтын, 3 күміс, 4 қола) мен Қытай (3 алтын, 3 қола) құрамалары да енді.

Астанада өткен әлем чемпионатына 90 елден 789 балуан қатысты.

Көп оқылғандар