Әлем

АҚШ-та 300 метрлік лайнерді суға батырып, жасанды риф жасамақ

Сурет: Fox News

Ұзындығы шамамен 300 метр болатын тарихи лайнер Флорида жағалауына таяу Мексика шығанағының түбіне батырылады. Алып кеме теңіз жануарларының жаңа мекеніне айналмақ, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Кеме 12 қарашада жағалаудан 40 шақырымдай қашықтықта суға батырылмақ. 1952 жылы SS United States лайнері Атлант мұхитын ең қысқа уақытта кесіп өту рекордын орнатқан.

Енді тарихи кеме тағы бір рекордқа қол жеткізуі мүмкін: ол әлемдегі ең үлкен жасанды рифке айналуы ықтимал.

Көп оқылғандар