Спорт

Қазақстан құрамасы Молдовадан өз алаңында жеңілді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА Ұлттар лигасының үшінші турында «Астана Аренада» Молдоваға қарсы ойында 1:2 есебімен жеңіліс тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл – қазақстандық футболшылардың турнирдегі екінші рет қатарынан ұтылуы. Осылайша, ұлттық құрама үш ойыннан кейін бір ұпаймен қалды.

Қазақстан алғашқы турда Фарер аралдарымен 1:1 есебімен тең түскен болатын. Екінші турда сырт алаңда Словакиядан 1:2 есебімен жеңілді.

Молдоваға қарсы жеңілістен кейін Қазақстан құрамасының өз тобындағы жағдайы қиындады. Бұған дейінгі екі турдан кейін команда үшінші орында тұрған еді: Словакияның еншісінде 6, Фарер аралдарында 2, Қазақстан мен Молдовада 1 ұпайдан болған.

Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасының келесі кездесуін 6 қазанда өз алаңында Фарер аралдарына қарсы өткізеді. Матч «Астана Аренада» өтеді.

Көп оқылғандар