Сурет: Фото: 17 қазандағы Париждегі талқандаулар / Видео кадрынан X
Францияның Ішкі істер министрі Лоран Нуньес 24 қазанда өтетін демонстрацияларға байланысты қауіпсіздік шараларының күшейтілген жоспарын жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Franceinfo мәліметінше, жалпы 70 000 полиция және жандармерия қызметкері жұмылдырылады. Бұл 17 қазандағы наразылықтарға қарағанда 10 000-ға көп. Сол күні рекордтық сандағы наразылық білдірушілер көшеге шығып, демонстрациялар тәртіпсіздік пен талқандауға ұласқан еді.
Қатардағы құқық қорғау қызметкерлерінен бөлек, митингілерде тәртіпті сақтауға арнайы бөлімшелер де тартылады. Олардың негізгі міндеті – қоғамдық ғимараттарды күзету.
Сонымен қатар атты әскер, кинологиялық бөлімшелер, ұшқышсыз ұшу аппараттары мен тікұшақтар қолданылады. Франция көшелеріне броньды машиналар мен су бүріккіштер шығарылады.
ІІМ басшысы Лоран Нуньес әлеуметтік желілерде радикалды солшыл қозғалыс өкілдерінің зорлық-зомбылық жасауға немесе тонауға шақырулары байқалып отырғанын айтты.
«Операциялар адамдарды қамауға алу және зорлық-зомбылық әрекеттерінің алдын алу үшін аса табандылықпен жүргізіледі. Біз вандалдар мен тонаушыларға қатысты ешқандай ымыраға келмейміз», деп ескертті ІІМ басшысы.
Париждегі Республика алаңы сияқты кейбір қалалар мен қоғамдық орындарда коменданттық сағат әлі де күшінде. 24 қазандағы демонстрациялар қарсаңында Париждегі көптеген кварталдардағы дүкендер терезелерін бөгеп, қоршап тастады.
Еске салайық, 17 қазандағы наразылық акциясы кезінде шамамен 2400 адам ұсталып, кейінгі күндері жүргізілген тергеу жұмыстары нәтижесінде тағы 500-ге жуық адам қамауға алынды. Тарихи ғимараттар зардап шегіп, дүкендер тоналды.
Мазмұнға өту
