Қоғам

Ауа райы қолайсыздығынан бес облыста жол жабылды

Сурет: ашық дереккөзден

Елде республикалық маңызы бар 23 және облыстық маңызы бар 4 автожол учаскесінде көлік қозғалысы шектелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Шектеуге ауа райының қолайсыздығы және ауа температурасының −3 °C-тан төмендеуі себеп болды. Тыйым жүк автомобильдеріне, сондай-ақ қысқы шиналармен жабдықталмаған тіркемелері мен жартылай тіркемелері бар көлік құралдарына қатысты.

Шектеулер Павлодар, Қарағанды, Абай, Ақмола және Шығыс Қазақстан облыстарында қолданылады.

ТЖМ жүргізушілерді ауа райы жағдайын ескеруге, қысқы шиналарды пайдалануға, белгіленген шектеулерді сақтауға және жабық жол учаскелеріне шықпауға шақырады.

Көп оқылғандар