Қоғам

Шетелдіктерге QazETA жүйесі арқылы электронды рұқсат енгізіледі

Сурет: ашық дереккөзден

Қазақстанға кіру үшін 85 елдің азаматтары QazETA жүйесі арқылы электронды рұқсат рәсімдей алады. Жүйе 1 қарашадан бастап Ақтау әуежайында және кейбір автомобиль өткізу пункттерінде іске қосылады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

2027 жылдың 1 шілдесіне дейін электронды рұқсат алу ұсынымдық сипатта болады, ал одан кейін ол міндетті талапқа айналады. Өтінімді сапарға шығардан кемінде 72 сағат бұрын беру қажет.

Электронды рұқсат тегін рәсімделеді және 180 күн бойы жарамды. Оны алу міндетінен 16 жасқа толмаған балалар мен 65 жастан асқан шетел азаматтары босатылады.

Көп оқылғандар