Сурет: тhreads.сom
Астанадағы «Абай жолы» тұрғын үй кешенінің маңында Есіл өзенінің арнасы тайызданып, түбі көрініп қалған. Бұл туралы Диляра есімді Threads қолданушысы әлеуметтік желіде видео жариялаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Аталған жағдайға байланысты елорда әкімдігі түсініктеме берді. Астана қаласы әкімдігінің хабарлауынша, өзеннің осы бөлігінде бөгет салуға байланысты су ескі арнаға жіберілген.
«Қала құрылыс басқармасы Есіл өзеніндегі реттеуші бөгеттің бесінші кезегін салу бойынша жоспарлы жұмыстарды аяқтады. Жиналған су ескі арна арқылы бұрылды. Су басу жағдайлары тіркелген жоқ. Жағдай бақылауда. Қазіргі уақытта жұмыстар аяқталды, алдағы уақытта су деңгейі қайта көтеріле бастайды», делінген әкімдік хабарламасында.
Айта кетейік, жаз айларында әлеуметтік желілерде Есіл өзенінің жасыл түске боялғаны туралы видео тарады. Осыдан соң елорда әкімдігі су сапасын анықтау үшін экологтер зертханалық зерттеу жүргізетінін хабарлаған болатын.
Мазмұнға өту
