Спорт

Билли Джин Кинг кубогі: Қазақстан Испаниямен ширек финалда есепті теңестірді

Сурет: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогінің финалдық кезеңінде Испания теннисшілерімен бақ сынап жатыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бүгін ширек финалдың екінші ойыны болды. Алғашқы матчта отандастарымыз Пиреней түбегінің командасынан жеңілген еді. Онда Соня Жиенбаева Джессика Бузас Манейродан 2:6, 2:6 есебімен есе жіберді. Ал бүгін ойын күнінің екінші жекелей матчында Юлия Путинцева Кристина Букшаны 6:2, 3:6, 6:1 есебімен жеңді.

Бұл матч 1 сағат 52 минутқа созылды.

Матчта Путинцева 4 эйс жасап, жеті брейк-пойнттың бесеуін сәтті пайдаланды.

Путинцеваның жеңісінің арқасында Қазақстан құрамасы ширек финалдық ойында есепті теңестірді. Есеп — 1:1.

Енді Билли Джин Кинг кубогінің жартылай финалына жолдама иегері шешуші жұптық ойында анықталады.

Жұптық матчта Қазақстан атынан Анна Данилина мен Жібек Құламбаева өнер көрсетеді. Испания құрамасының атынан кортқа Кристина Букша мен Сара Соррибес Тормо шығады.

Былтыр теннистен Аустралияның Брисбен қаласында өткен Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу сайысын Қазақстанның әйелдер құрамасы сәтті аяқтаған еді.

Көп оқылғандар