Сурет: полиция
Елордада «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда. Полиция қызметкерлері көшелерде патрульдеуді күшейтіп, қоғамдық орындарды тексеріп, көші-қон заңнамасының сақталуын бақылауға алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Рейд басталғалы 1200-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды. Көші-қон заңнамасын бұзуға қатысты 97 материал толтырылып, 22 адам жауапкершілікке тартылды.
Сонымен қатар 20 шетел азаматы Қазақстан аумағынан мәжбүрлі түрде шығарылды.
Бұған дейін 5 қазан мен 5 қараша аралығында тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам полиция бөлімшелеріне жеткізілгені хабарланған. Сондай-ақ тіркеусіз тұрудың 9 мыңға жуық дерегі анықталды.
Мазмұнға өту
