Әлем

Ресейде магнитудасы 5 жер сілкінісі тіркелді

Сурет: Anadolu

Қазақстан ұлттық деректер орталығы Ресей аумағында магнитудасы 5 жер сілкінісі болғанын хабарлады, деп жазады Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Орталықтың жедел деректеріне сәйкес, жер асты дүмпулері 2026 жылғы 24 қазанда Астана уақытымен сағат 03:24-те (Гринвич бойынша 23 қазан, сағат 22:24) тіркелген.

Эпицентр 54.45 градус солтүстік ендік пен 86.02 градус шығыс бойлықта орналасқан. Магнитудасы mb=5, энергетикалық класы K=13, тереңдігі h=10 км.

Бұған дейін Қытайдың Тибет автономиялық ауданында болған жер сілкінісінен 16 адам қаза тауып, 65 адам жарақат алғаны хабарланған еді. Олардың 10-нан астамы ауыр жағдайда.

Көп оқылғандар