Сурет: NTV
Түркияның Гелик қаласындағы жеке көмір шахтасында метан газы жарылып, екі жұмысшы қаза тапты, тағы бесеуі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Үйінді астында бір шахтер қалып қойған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
NTV мәліметінше, оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зардап шеккендердің екеуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, науқастарды Анкараға жеткізу жоспарланып отыр.
«Зардап шеккен 5 адамның бірінің жағдайы өте ауыр, ол ем қабылдап жатыр. Біздің топтар өңірде күшейтілген жұмыс режимінде болып, жағдайды мұқият бақылап отыр», деді Түркияның денсаулық сақтау министрі Кемаль Мемишоглу.
Еске салайық, осы жылдың бастапқы тұсында Қостанай облысындағы «Соколов» шахтасында болған жарылыс салдарынан скреперлік шығыр машинасы істен шығып, жұмысшы зардап шеккені туралы хабарлаған едік.
Мазмұнға өту
