Спорт

Қазақстан шахматшылары Самарқандтағы Олимпиадада Қытаймен тең түсті

Сурет: ТСМ

Самарқандта өтіп жатқан 46-шы Шахмат Олимпиадасының жетінші турында Қазақстан мен Қытай құрамалары кездесіп, 2:2 есебімен тең аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Екі команда да осы турға дейін 6 жеңіске жеткен болатын. Қазақстандық 16 жастағы Елназ Қалиахмет бесінші жеңісін бағындырды. Алайда үшінші тақтада ойнаған Меруерт Камалиденова қарсыласына жол берді. Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрманның партиялары тең аяқталды.

Жалпы есепте Қытай да, Қазақстан да 13 ұпаймен (6 жеңіс, 1 тең ойын) келе жатыр.

Жекелеген партиялар нәтижесі:

  • Бибісара Асаубаева – Чжу Цзиньэр
  • Меруерт Камалиденова – Мяойи Лу

Ерлер арасында Қазақстан құрамасы Сербияға есе жіберді. Сербия сапында 2023 жылы Ресейден ауысқан Алексей Сарана мен Александр Предке өнер көрсетті.

  • Сауат Нұрғалиев – Александр Инджич
  • Даниал Сапенов – Александр Предке
  • Алдияр Аңсат – Велимир Ивич (тең)

11 турдан тұратын жарыс 27 қыркүйекте мәресіне жетеді.

Көп оқылғандар