Әлем

ҰҚК шетелдік азаматқа іздеу жариялады

Сурет: ҰҚК

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Уильям Коул атты шетелдік азаматты іздеуге жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталындағы іздеу карточкасында ер адамның 1981 жылғы 13 наурызда туғаны және шетел азаматы екені жазылған.

«Іздеуде жүргеніне – 1 күн. Іздеу ісі 2026 жылғы 21 қарашада Түркістан облысында тіркелген. Іздеуді бастамашы орган – ҚР ҰҚК», делінген ресми іздеу карточкасында.

Іздестіру жұмыстарын Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полиция бөлімі жүргізіп жатыр. Іздеу карточкасында Уильям Коулдың қай елдің азаматы екені көрсетілмеген.

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті полициямен бірлесіп, Шымкент қаласы мен еліміздің 10 өңірінде қарудың заңсыз айналымын тоқтатуға бағытталған жедел-іздестіру шараларын өткізген. Оның нәтижесінде заңсыз айналымнан 45 қару мен 1 259 оқ-дәрі тәркіленді.

Көп оқылғандар